Павлодар облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2022 12:07 Сурет: Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі
7 қазанда сағат 22.00-де Ақсу өңірінің Сырлықала ауылының жанындағы Ленинский - Курчатов автожолының 55-ші шақырымында ауыр жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

40 жастағы Нива көлігінің жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын сақтамай, жолдың оң жағында тұрған КамАЗ-дың тіркемесіне соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Нива автокөлігінің үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Екі жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды.

Тексеру амалдары қолға алынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: