Жаңалықтар тізбегі
0

Прокурор мысықтың басына секірген ер адамға қатысты сот үкіміне наразылық білдірді

Жануарға қатыгездікпен қарау, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2022 23:55 Сурет: ҚР Бас прокуратурасы
Ақтау қаласының прокуратурасы мысықтың басына секіріп, жарақаттаған ер адамға қатысты шығарылған сот үкіміне наразылық білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы адвокат Джохар Өтебеков Facebook-тағы парақшасында жазды.

4 қазанда сағат 22: 00 шамасында 35 жастағы мас адам жолындағы мысықтың басына секіріп, мыжи салады. Оқыс оқиға Ақтау қаласының 6 ықшам ауданында орын алған.

Ер адамға қатысты ҚР ҚК 316-бабының 1-бөлігі - "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бойынша іс қозғалып, 60 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегу түріндегі жазамен сотталды.

Мұндай жеңіл жаза қоғамда резонанс тудырып, Ақтау қалалық соты түсініктеме беруге мәжбүр болды.

Д. Ордабаевтың ісі ҚР ҚК 316-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа берілді, соттағы процеске қатысушылар іс сатысына қатысты дау айтқан жоқ. Сот өздігінен неғұрлым ауыр айып тағуға құқылы емес. Прокурор ҚР ҚІЖК-нің 340-бабына сәйкес айыптауды өзгертуге құқылы, бірақ ол бұл құқықты пайдаланбаған. Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі

Сот қылмыстық іс жүргізу заңнамасында елеулі бұзушылықтарды анықтамағаны, демек, істі прокурорға қайтаруға да негіз болмағаны да нақтыланды.

Сонымен қатар, сотталушы өз кінәсін мойындап, еткен ісіне өкініш білдірді, сот оны жеңілдететін жағдай деп санады.

2022 жылы 12 қазанда Ақтау қаласының прокуроры Берік Құлмағамбет сот үкіміне шағым түсірді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: