Павлодар облысында Мәдениет үйінің қызметкері жеті тәулікке қамауға алынды

Бұзақылық, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2022 23:30 Сурет: pexels
Ер адам ауылға қыдырып келген 12 жастағы жасөспірімді соққыға жыққан. 44 жастағы азамат балалардың арасына түскен. Ол ұлын қорғамақ болып қонақ балаға қол көтергені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жасөспірім жеңіл дене жарақатын алған. Ал мұны көрген ата-анасы тәртіп сақшыларына бірден арыз түсіріпті. Мәдениет үйінің қызметкеріне қатысты әкімшілік іс қозғалып, ол қамауға алынған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Істі Павлодар облысы Тереңкөл ауданының соты қарады. Баланың денсаулығына жеңіл зиян келген. Сот ұсынылған дәлелдемелерге сәйкес құқық бұзушыны кінәлі деп тапты. Оны жеті тәулікке әкімшілік қамау алу түрінде жаза тағайындады.Павлодар облысы сотының баспасөз хатшысы Агидель Ибраева
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: