Таразда 88 жастағы зейнеткердің коллекциялық шақалары мен музыкалық аспабы ұрланды

Ұрлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2022 19:44 Сурет: pixabay
Тараз қалалық полиция басқармасына 88 жастағы тұрғын арызданды. Ол өзі жоқ кезде үйінен коллекциялық монеталар, музыкалық аспап және көптеген жыл бойы жинаған 647 мың теңге ақшасы ұрланғанын айтты. Полиция қаскөй ұсталып, сараптама тағайындалғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қария, әсіресе монеталар мен баянды тауып беруін өтінді, өйткені аспапта ойнау оның бос уақытындағы сүйікті ісі екен.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар 51 жастағы Тараз қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды.

Ол қарт кісінің ұлының досы болып шықты. Ер адам өз кінәсін толық мойындады. Барлық заттай дәлелдемелер алынып, сараптама тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: