Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда ұрланған Lexus LX 570 бейіт басынан табылды

Қылмыстық іс, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2022 15:36 Сурет: polisia.kz
Өзбекстанның 28 жастағы азаматы мас күйінде көлік жуу орнынан Lexus LX 570 автокөлігін ұрлап кеткен, содан кейін ол шаһарды аралауға бел буған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаланы білмегендіктен ол зират аумағына кіріп кетіп, рөлге ие бола алмай, бейіт қоршауларын бұзды. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеді, бейіттер бүлінбеген. Бұл туралы зират күзетшісі полицияға хабар берген.

Оқиға орнына учаскелік инспекторлар аттанды. Олар қашып кетпек болған қоғамдық тәртіпті бұзушыны дер кезінде ұстады. Ер адам алкогольдік масаң күйде болған, бұл мән-жайдың жауапкершілігін ауырлатады. Белгілі болғандай, көлік иесі жол талғамайтын көлікті бамперін бояу үшін техникалық қызмет көрсету орталығына қалдырған, сырлаушылар көлікті жууды ұйғарып, жақын маңдағы көлік жуу орнына айдап апарған. Сол жерде көлік жуушы – К.есімді азаматтың қолына оның кілті тиеді.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 200-бабы (Автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар, ҚР ӘҚбК-нің 608-бабы 6-бөлігі (Көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі жүргізушінің басқаруы) бойынша әкімшілік іс материалдары жиналды, – деді Алатау аудандық полиция басқармасының басшысы Ілияс Өмірсеріков.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: