"Жалған құжатпен жүрген". Алматыда 12 жыл бойы іздеуде болған алаяқ әйел ұсталды

Жалған құжат, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2022 19:34 Сурет: pixabay
Маңғыстау облысының полицейлері 12 жыл бойы іздеуде болған алаяқ әйелді ұстау үшін арнайы Алматыға ат басын тіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс Қазақстан облысының тумасы - 54 жастағы әйел ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінде (Алаяқтық) көзделген қылмысты жасағаны үшін 12 жыл бойы іздеуде болды, деп хабарлайды polisia.kz telegram арнасы.

Ол осы уақытқа дейін Алматы қаласының аумағында жалған құжаттармен өмір сүрген.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы қаласында күдікті әйелді ұстады. Тәртіп сақшылары оны Алматы қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: