Ресейде 8 жыл бойы іздеуде жүрген қазақстандық әйел ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Ресейде 16 қарашада 71 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды. Әйел 8 алаяқтық әрекеті үшін 8 жыл бойы халықаралық іздеуде болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2010 жылғы сәуірде ол жалған құжаттарды пайдаланып, Мұнайлы ауданындағы банкте кепілде тұрған жер телімін 1,5 миллион теңгеге жәбірленушіге сатып жіберген. 2010 жылғы маусым айында ол сол жәбірленушіге жалған құжаттары бар жер телімін 4,5 миллион теңгеге сатқан.
Оның алаяқтық әрекетінен 74 адам зардап шекті. Материалдық шығын 50 миллион теңгеден асады.
Полицейлер күдіктіні уақытша ұстау изоляторына жеткізді. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript