Жаңалықтар тізбегі
0

Нашақор күйеуінен ажырасқан алматылық жас келіншек үреймен өмір сүруге мәжбүр

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2022 21:01 Сурет: pexels
Алматылық Арайлым Жексембекова бұған дейін әлеуметтік желіде нашақор күйеуінің ұрып-соғатынын, "өлтіремін" деп қоқан-лоқы көрсететінін айтып араша сұраған. Алайда отбасылық зорлық-зомбылық құрбаны - екі балалы ананың түйіткілді мәселесінің шешілер түрі көрінбейді, деп хабарлайды Zakon.k

Арайлым Жексембекова жолдасымен небәрі бір жылға жуық отасқан. Мамыр айында күйеуі алғаш рет оған қол көтеріп, есінен танғанша ұрыпты. Содан кейін ол әдетке айналған. Көп ұзамай жолдасының есірткі пайдаланатынын білген Арайлым полицияға арыз жазған. Алайда, зәбір көрсетуші тек 5-10 күнге қамауға алынып, босап шыққан. Жас ана өзімнің және балаларының өмірі үшін қорқатынын айтады, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Жүкті болғаныма қарамастан ол менің ішімнен теуіп, суға батыруға тырысты. Үйде байлап ұстады. Істемегені жоқ. Жұбайым қарсы болғанымен, сот арқылы ажырастық. Бірақ ол мені аңдып, қоқан-лоқы көрсетуін тоқтатқан жоқ. Жақында ғана босандым. Қазір, тіпті, үйден шығуға қорқамын. Жәбірленуші Арайлым Жексембекова

Зәбір көрсетушіге қатысты "Қинау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оның ақыл- есінің дұрыстығын анықтау үшін сараптама тағайындалды. Бірақ бұл істің тым ұзап кеткені Арайлымды алаңдатып отыр.

Бұрынғы жұбайымның полиция мен медицина қызметкерлері арасында таныстары бар. Оның ақыл-есінің дұрыс еместігі анықталса, түрмеге отырмайды. Ол кез-келген медициналық қорытындыны жасатып алуға қауқарлы. Іс қашан аяқталатынын да ешкім айтпайды. Полиция қызметкерлері бейқам, тіпті, бұрынғы жұбайымның тарабын қолдап отыр.Жәбірленуші Арайлым Жексембекова

Ал полицияның жауабы қысқа. "Барлығы заңға сәйкес жүріп жатыр", - дейді.

Соталды бірыңғай тізілімінде ҚК-тің 110 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда процессуалды кодекспен көзделген барлық тергеу амалдары жүзеге асырылуда. Кінәлі азамат міндетті түрде қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Алматы қаласы ПД-ның ресми өкілі Салтанат Әзірбек

Заңгерлер отбасылық зорлық-зомбылықтың жазасын қатаңдату қажеттігін айтады. Мәселен, айыппұлдың орнына тәртіптік жұмысқа тартуды қолдайды.

Қазіргі таңда отбасылық зорлық-зомбылық күннен күнге өршіп жатыр. Оның басты себебі – ерлі-зайыптылардың арасындағы құқықбұзушылық өте төмен дәрежеленген. Яғни, ол үшін тек әкімшілік жаза қолданылады. Ондай азаматтарды кешірудің керегі жоқ. Бір рет қол көтерген адам жазасыз қалса, екінші рет те қол көтеруі мүмкін. Заңгер Ғабит Өмірбеков

Сондай-ақ егер жәбірленушілердің полиция мамандарының жұмысына көңілі толмаса, олар прокуратураға шағымдануға құқылы, - дейді заңгерлер.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: