Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте күйеуінен қорлық көрген келіншек арнайы орталыққа орналастырылды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық Сурет: polisia.kz
Тәртіп сақшылары жайсыз отбасылар мен түрлі отбасындағы зорлық-зомбылық салдарынан отбасы мүшелерінің зардап шегетінін айтып, оларға қатысты күш көрсету, кемсіту, ұрып-соғу жайттары бойынша заң жүзінде жауапкершілік қарастырылғанын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай ауданы полиция басқармасына шұғыл байланыс желісі арқылы Достық ықшам ауданының тұрғыны шағымданған. Ол өз арызында ата-енесі мен жолдасының тарапынан қысым көріп, отбасылық жанжалдың жиілеп кеткендігін айтқан. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін көрсетілген мекенжайға әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Гүлзира Бектемисова барып, жағдайдың жай-жапсарымен танысты. Нәтижесінде ер адамның үстінен қорғау нұсқамасы толтырылып, ол 30 тәулікке есепке алынды.


"Қазіргі таңда полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған азаматшаға құқықтық және психологиялық қолдау көрсету мақсатында баласымен бірге уақытша пана ретінде “Самғау сенім” орталығына орналастырды", делінген полиция хабарламасында.

“Самғау сенім” орталығы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған көпбалалы аналарға, аз қамтамасыз етілген отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетеді. Осы тұста тәртіп сақшылары жайсыз отбасылар мен түрлі отбасындағы зорлық-зомбылық салдарынан отбасы мүшелерінің зардап шегетінін айтып, оларға қатысты күш көрсету, кемсіту, ұрып-соғу жайттары бойынша заң жүзінде жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз