Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы полициясы қала тұрғындарына көше алаяқтары барын ескертті

Ұрлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2022 15:55 Сурет: Zakon.kz
Қаскөйлер қала тұрғындарының сенгіштігі мен ақкөңілділігін пайдаланады. Осыған байланысты Алматы полициясы ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар өте қарапайым мынандай жолмен әрекет етеді: жас жігіт ықтимал құрбанына жақындап, өзінің басына түскен жайсыз оқиғамен бөліседі. Сөйтіп ол адамнан карта шотын пайдалануға рұқсат сұрайды, себебі оған ата-анасы қаражат жіберуі керек-мыс. Шындығында, ақша аударушы – қылмыстың серіктесі, ол жаңа ғана ұрланған басқа біреудің ұялы телефонынан сенгіш адамның есепшотына ақша аударады.

Алаяқтың құрбаны ешнәрседен күдіктенбей, ақшаны шешіп, бейтаныс адамға береді, ол өзі де байқамай бөтеннің мүлкін ұрлау фактісіне қатысушы болып шыға келеді. Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов

Осыған байланысты Алматы полициясы өзіңізді және мүлкіңізді қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау үшін барынша шаралар қабылдауды ұсынады:

  • бейтаныс адамдарға, олар сізге қандай оқиға айтса да, сенбеңіз;

  • бейтаныс адамдарға сіздің карталық шотыңызды манипуляциялауға жол бермеңіз;

  • жеке деректеріңізді үшінші адамдарға бермеңіз;

  • қырағырақ болыңыз және әркімге сене бермеңіз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: