Алматыда жолда ойқастап, өзгелерге қауіп төндірген көлік жүргізушілері жазаланды

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2022 19:40 Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде жарияланған видеоға қатысты Алматы қаласы Жергілікті полиция қызметі басқармасының жедел іздестіру бөлімі тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Telegram-арнада Алматы көшелерінің бірінде жол ережесін өрескел бұзып, арлы-берлі ойқасқан көліктердің видеосы жарияланған болатын.

Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының жедел іздестіру бөлімі тексерісінің нәтижесінде жол ережесін өрескел бұзған келесі жүргізушілер жауапкершілікке тартылды:

  • Lexus маркалы көлікті басқарған 1998 жылы туған азаматқа қатысты ҚР ӘҚбК-нің 595-бабы 1-бөлігі (3 хаттама), 590-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

  • BMW X5 маркалы көлікті басқарған 1993 жылы туған азаматқа қатысты ҚР ӘҚбК-нің 595-бабы 1-бөлігі (2 хаттама), 590-бабы 1-бөлігі, 601-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

  • Range Rover көлігін басқарған 1987 жылы туған aзаматқа қатысты ҚР ӘҚбК-нің 595-бабы 1-бөлігі (3 хаттама), 590-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

  • Toyota Land Cruiser 200 маркалы көлікті басқарған 1999 жылғы азаматқа қатысты ҚР ӘҚбК-нің 595-бабы 1-бөлігі (3 хаттама) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

  • Hyundai Sonata маркалы көлікті басқарған 2003 жылы туған азаматқа қатысты ҚР ӘҚбК-нің 595-бабы 1-бөлігі (3 хаттама), 590-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

  • Lexus 570 маркалы көлікті басқарған 1994 жылғы азаматқа қатысты ҚР ӘҚбК-нің 595-бабы 1-бөлігі (2 хаттама), 601-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: