Алматы облысында қару-жарақ сақталған тағы бір орын анықталды
Сурет: polisia.kz
15 қарашада Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ-ға Іле ауданының аумағында атыс қаруының сақтау орны туралы жедел ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тексеру кезінде жасырулы қара-жарақтың нақты координаты анықталды.
Қару-жарақ қоймасы Іле ауданының Боралдай аэродромының жанындағы "Риф-Раф" мейрамханасының артындағы қойма аумағындағы қараусыз қалған будкадан табылды. Іле ауданының ПБ тергеушілері ТТ маркалы тапаншаны, патрондарды, гранатаны және бронежилетті тәркіледі. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу басталды, ол аталған бөлімшенің тергеушілеріне тапсырылды. ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Сараптама нәтижелері қоймадан табылғандардың қылмыс жасауда пайдаланылғанын, не пайдаланылмағанын көрсетеді. Ал қарудың кімге тиесілілегін сот-баллистикалық сараптама анықтайтынын болады.
Қылмыстық іс бойынша тергеу барысын Алматы облысы ПД басшылығы бақылауға алды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript