Қазақстандықтар сотқа азырақ жүгіне бастады

Ең көп талап-арыздар Астанада (4684 немесе 17%) және Алматыда (4464 немесе 16%) түскен. Шағымдардың ең азы Қызылорда облысы мен Солтүстік Қазақстан облысында 3%, Маңғыстау облысында 2% түскен.
Қандай санаттар бойынша қазақстандықтар сотқа жиі жүгінеді?
сот орындаушыларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтуға;
жер даулары;
салықтық даулар;
мемлекеттік сатып алу саласында;
тұрғын үй даулары.
Бұл ретте, жыл ішінде түскен шағымдардың жалпы санынан кәсіпкерлер 9360 талап арыз берген. Көбіне бизнесмендер жер дауы, салық, мемлекеттік сатып алу, сәулет және қала құрылысы саласы бойынша сотқа жүгінген.
Талапкердің (азаматтар мен кәсіпорындар) пайдасына қанағаттандырылған талаптардың (толық және ішінара) пайызы - 52%. Шешімдердің 48%-ы адморганның пайдасына қабылданды. Өткен жылға қарағанда биыл талап арыздарды қанағаттандыру көрсеткіші 8% артты.
Сот алқасының ақпаратынша, талдау, атап айтқанда, әкімшілік органдар өз жұмысын ӘРПК-ның жаңа ережелері бойынша әлі қайта құрмағанын көрсетті.
«Дауды өз бетімен шешу ниетінің жоқтығынан тұратын таныс тәсіл бар, бұл оның әкімшілік іс жүргізу деңгейіне өтуіне әкеп соғады», - деп қорытындылады Сот алқасы.