Полицейлер боранға байланысты Түркістан облысы тұрғындарына ескерту жасады
Сурет: видеодан алынды
Облыстың бас полицейі полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, тәртіп сақшыларына жолда қалған жүргізушілер мен жолаушыларға көмек көрсету бойынша күшейтілген режимде қызмет атқаруға тапсырма берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ауа райының нашарлауы мен жауын-шашынның жиі түсуіне байланысты Жамбыл облысымен шекарадағы "Алматы-Шымкент" трассаларында ауыр жүк көліктері үшін қозғалыс шектелді.
Сондықтан барлық полицейлер жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау мақсатында жолдарды патрульдеуде.
"Өз кезегінде полицейлер облыс тұрғындары мен жүргізушілерді алыс жолға шығудан бас тартуға, сондай-ақ жазғы доңғалақтарын қысқы доңғалаққа ауыстыруға, жол ережесін бұзбауға шақырады". Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript