Орал маңында екі жүк көлігі бетпе-бет соқтығысып, жүргізушілердің бірі мерт болды
Сурет: БҚО ПД баспасөз қызметі
Орал қаласы маңында тас жолда DAF маркалы екі жүк көлігі соқтығысып, салдарынан жүргізушілердің бірі қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
16 қарашада сағат 16:30 шамасында "Меловые горки" ауданындағы көпірге жетпей Подстепное ауылы маңында қайғылы оқиға орын алды.
Қаза тапқан жүргізуші 44 жаста болған.
Сурет: БҚО ПД баспасөз қызметі
Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.
"Полиция департаменті жүргізушілерге және жол қозғалысының басқа да қатысушыларына жолда сақ әрі мұқият болуды, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Қауіпсіздік белдіктерін қолдануды, қозғалыс және маневр жасау кезінде ауа райы жағдайларын да ескертуді жадыдан шығармаңыз". БҚО ПД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript