20 қарашаға жоспарланған жаппай тәртіпсіздік: ҰҚК арнайы операциясынан фоторепортаж
Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда қылмыстық топ 20 қарашада жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырмақ болған. ҰҚК қызметкерлері 17 қарашада топ мүшелерін Алматы қаласы мен Алматы облысында ұстады. Zakon.kz арнайы операцияның эксклюзив фотоларын ұсынды.
Топтың әр мүшесінің рөлі нақты айқындалды. Құпиялылық шараларын сақтай отырып, кезекті отырыстарда қылмыстық жоспарлар талқыланды.
Қылмыстық топ әкімдіктердің ғимараттарын, инфрақұрылым нысандарын, байланыс, БАҚ және телекоммуникацияларды басып алуды, сонымен қатар қалалардағы көлік қозғалысын жабуды жоспарлаған.
Алдын ала Алматы облысының ауылдық жерлерінің бірінде топ мүшелері Алматыдағы құрылыс базарларынан сатып алған импровизацияланған құралдардан жасалған лақтыру құралдарын сынақтан өткізген.
Бұл топтың шабуылы Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы күні, яғни 20 қарашада дауыс беруге кедергі жасау мақсатында жасалған.
Күдіктілер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript



