Алматы-Қорғас тас жолында көлік қаққан жасөспірімдерге қатысты тың дерек жарияланды
Сурет: Zakon.kz
Алматы - Шелек - Қорғас тас жолында Lexus көлігі қаққан топ баланың бесеуі ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды. Сондай-ақ жол апаты Арман ауылы маңында орын алғаны айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 25 қазанда сағат 19:50 шамасында Lexus автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі Алматы - Шелек - Қорғас тас жолымен шығыс бағытта келе жатып, Арман ауылының маңында жаяу жүргіншілерді қағып кеткен.
Апат салдарынан зардап шеккен бес кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды. Айта кету керек, жаяу жүргіншілер белгіленбеген жерден жолды кесіп өткен.Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.
Айта кетсек, алдында Алматы облысында Lexus көлігі топ баланы қағып кеткені хабарланған болатын. Бірақ жол апаты салдарынан қаза тапқандардың бар-жоғы, сондай-ақ қанша адам зардап шеккені нақтыланбап еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript