Алматыда жолды кесіп өтпек болған қызды автобус қағып кетті

Полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2022 11:56 Сурет: Zakon.kz
Алматыда автобус қызды қағып кетті. Ол алған жарақаттарынан реанимацияда қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.


Қайғылы оқиға 2022 жылғы 14 желтоқсанда сағат 20:20-да болған.

"Түрксіб ауданында жүргізуші - 1972 жылғы У.есімді азамат, "FOTON" маркалы қоғамдық көлікті Құлжа тас жолы бойымен жүргізіп келе жатқан. Оңға қарай бұрылыс жасамақ болғанда жолдың жүру бөлігі белгіленбеген бағытта кесіп өткен жаяу жүргінші - 1998 жылғы С.есімді азаматшаны қағып кетті".

Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, түрлі жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылған, бірақ реанимацияда қайтыс болған.

"Бұл факт ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық іс бойынша өзге де ақпарат ҚР ҚІЖК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес, жария етілмейді".Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: