Елордада түрмеге насыбай ішіне сим карта жасырып кіргізбек болған тұрғын ұсталды

ҚАЖД, түрме, сим карта, насыбай, жазасын өтеуші, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2022 20:25 Сурет: Астана бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Елорда тұрғыны тыйым салынған 2 пакет насыбай ішіне ұялы телефон сим карталарын салып кіргізбек болды. №2 мекеменің қызметкерлері жазасын өтеушіге қолдануға тыйым салынған заттарды мекеме аумағына кіргізуге жол бермеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жазасын өтеушіге келген сәлемдемені мұқият тексеру барысында, 2 пакет насыбай, оған қоса, оның ішінде тағы да тыйым салынған сим карталар табылды. 

"Осы дерек бойынша Аршалы ауданы полиция бөлімінің  жедел тексеру тобы шақырылып, насыбай салынған пакеттер және оның ішіндегі 2 сим карта анықталып,  Елорда тұрғынына қатысты ҚР ӘҚК-нің 481-бабы бойынша  процессуалды шешім қабылдау жөнінде материалдар дайындалды. Енді Елорда тұрғынына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе ескерту берілуі мүмкін", –  деді Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: