Павлодарда полицейлер "граната жармақ болған" 47 жастағы ер адамды ұстады

Полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2022 14:25 Cурет: polisia.kz
Павлодарда полицейлер "граната жармақ болған" 47 жастағы ер адамды ұстады. Қазіргі уақытта саперлер жарылғыш затты тексеріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz мәліметінше, сағат 11:30-да қалалық полицияға отбасылық жанжал туралы қоңырау түсті. Пәтерде мас адам ұрыс шығарып, "гранатаны жарып жіберемін" деп айқайлаған.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оны сабырға шақырып, сөйлесе бастаған. Осы сәтті пайдаланған полицейлердің бірі гранатаны ер адамның қолынан жұлып алып, оны залалсыздандырған.

"Барлық арнайы қызметтер оқиға туралы хабардар етілді. Үй тұрғындарын эвакуациялау жүргізілді", - деп мәлімдеді полициядағылар.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: