Қостанай полициясына бірнеше нысанға жарылғыш зат қойылғаны хабарланған

Лаңкестік, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2023 18:24 Сурет: pixabay
Қостанай полициясы жалған терроризмнің бірнеше фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, 9 қаңтарда қала полициясына әуежай ғимаратында, ауруханаларда, кітапханаларда және басқа да нысандарда жарылғыш заттар қойылғаны туралы жалған қоңыраулар келіп түсті.


Полицейлер қоңырау бойынша келіп түскен ақпаратты мұқият тексерді, олардың барлығы жалған болып шықты. Қазіргі уақытта полиция осы қылмысқа қатысы бар күдіктінің жеке басын анықтап жатыр, делінген хабарламада.

ҚР ҚК-нің 273-бабы "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: