Алматыда екі олигархтың ұлы төбелескен: полиция тергеуді бастады

Олирахтардың баласының төбелесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2023 23:25 Сурет: видео скрині
Алматыда олигархтардың ұлы төбелескен, полиция тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін олигархтар Бахрадин Аблазимов пен Дінмұхамет Ыдырысовтың ұлдарының төбелескен видеосы тараған еді. Оларды 7-8 қорғаушы күзетіп тұрған.

"Алматы полиция департаменті аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады. Төбелеске қатысушылар анықталды және олардан жауап алынған", - делінген хабарламада.

Қақтығысқа қатысушылардың алған жарақаттарының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптамалар тағайындалған.

Қылмыстық іс бойынша өндірісті Алматы полиция департаментінің тергеу тасқармасы жүргізіп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: