Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР ІІМ TikTok-тағы ойын салдарынан үш баланың қайтыс болғаны жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды

Суицид, TikTok, жалған ақпарат, ҚР ІІМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2023 14:27 Сурет: polisia.kz
Әлеуметтік желілерде ер адам қызы TikTok ойнап, өз-өзіне қол жұмсағанын айтқан аудиохабарлама таралды. ҚР Ішкі істер министрлігі бұл ақпараттың рас-өтірігін анықтап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адамның айтуынша, 12 қаңтарда ол 13 жасар қызынан айырылып қалған, қызы өз-өзіне қол жұмсаған, яғни баспалдақта асылып қалған. Ол басқа ата-аналарды баласының телефонын тексеруге шақырады. Ер адам қызының өліміне TikTok-тағы ойынды кінәлайды. Оның сөзінше, дәл осы күні Таразда сыныптас екі бала да дәл осындай себеппен өз-өзіне қол жұмсаған.

Ішкі істер министрлігі StopFake.kz порталына TikTok ойынын ойнау салдарынан өз-өзіне қол жұмсау фактісі жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды.

"Бұл ақпарат расталған жоқ". Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматы облысының полиция департаменті Қарасай ауданында екі өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы тіркелгенін хабарлаған еді: 12 қаңтарда – қыз бала, 6 қаңтарда – ұл. Екі факті бойынша да аудандық ішкі істер бөлімінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 105-бабымен ("Өзін-өзі өлтіруге итермелеу") тергеу амалдары жүріп жатыр.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: