Жаңалықтар тізбегі
0

Талдықорғанда 11 жасар қызына азғындық жасаған педофил әке 20 жылға сотталды

Зорлық-зомбылық құрбаны, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2023 20:15 Сурет: Zakon.kz
Талдықорғанда педофил 20 жылға сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

6 қаңтарда Талдықорғанда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот жас қызға озбырлық көрсетті деген күдікке ілінген 37 жастағы ер адамға қатысты үкім шығарды. Тергеу амалдары 2022 жылғы тамызда жергілікті тұрғынның арызына сәйкес, ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі бойынша басталды.

Әйел күйеуін өзінің 11 жасар қызына сексуалдық зорлық жасады деп айыптады.


"Ер адам ұсталып, полицияға жеткізілген. Күдіктінің бұрын бірнеше рет жауапқа тартылғаны және жазасын пенитенциарлық жүйенің мекемелерінде өтегені анықталды. Тергеу шеңберінде дәлелдемелік база жиналып, бірқатар сараптамалар жүргізілді, олардың нәтижелері қылмыстық іс материалдарына заттай айғақ ретінде қоса тіркелді. Нәтижесінде істі сотқа жібере отырып, айыптау актісі жасалды". Талдықорған қаласы ПБ бастығының орынбасары Шыңғыс Нұрахимов

Сот ер адамды кінәлі деп тауып, ең жоғары қауіпсіздік түзеу мекемесінде жазасын өтей отырып, 20 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: