Ақмола облысының тұрғыны анасының шотынан 800 мың теңге ұрлаған

Ұрлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2023 22:40 Сурет: pixabay
Ақмола облысының тұрғыны зейнеткер анасының шотынан 11 күн ішінде 800 мың теңге ұрлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"11 қаңтарда Степногорск қаласының полиция басқармасына 67 жастағы тұрғынның ұрлық фактісі туралы өтініші келіп түсті. Зейнеткер 2022 жылғы 24 желтоқсаннан 2023 жылғы 4 қаңтарға дейінгі кезеңде оған тиесілі HalykBank-тегі шотынан 800 мыңнан астам ақша қаражаты ұрланғанын хабарлады". Polisia.kz

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталды, ол өтініш берушінің бұрын ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған 1982 жылы туған ұлы болып шықты.

Полиция басқармасы аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: