Астана тұрғыны ХҚКО-ның бірінде телефон ұрлады

Ұрлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2023 00:13 Сурет: видео скрині
Астана тұрғыны ХҚКО-ның бірінде ілініп тұрған киімінің қалтасынан телефонды ұрлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz-тің мәліметінше, Сарыарқа ауданының полиция басқармасына 59 жастағы ер адам хабарласып, күндізгі уақытта Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында болған кезде белгісіз біреу оның телефонын ұрлап кеткені туралы айтқан. Қызметті алу үшін кезекте тұрған ер азамат киім ілгішті байқағаны анықталды. Ол күртешесін ілгішке іліп жатқанында, басқа ілулі күртешелердің қалтасын ақтарған. Қалтадан IРhone12 телефонын аңғарған. 

Адамдардың байқамай тұрғанын пайдаланып, көзі түскен затты алып, ғимараттан кетуге асыққан. Полицейлер бейнебақылау камералары арқылы бұрын сотталған 39 жастағы ер адамды анықтап, Астана полиция департаменті уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: