Талдықорған полицейлері желідегі суреттегі жартылай жалаңаш екеудің кім екенін анықтады
Сурет: Zakon.kz
Желіде үстел басында жартылай жалаңаш күйі ішімдікке бас қойған ер адам мен қыз баланың суреті жарияланды. Қыздың жасы 15-те деп көрсетіледі. Автордың айтуынша, полиция бұған қатысты іс қозғағанымен, артынан оны жауып тастаған. Осы жайтқа қатысты ІІМ түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Талдықорған қаласының полицейлері суреттегі адамдарды анықтады. Кәмелетке толмаған баладан анасы мен психологтың қатысуымен сұқбат алынды. Суреттің 2022 жылдың жазында түсірілгені анықталды. Суреттегі 25 жастағы жігіт қалалық полицияға жеткізіліп, одан жауап алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚҚ-нің 133-бабы “Кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат әрекеттер жасауға тарту” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", делінген polisia.kz-ның Telegram арнасында.
Сонымен қатар, кәмелетке толмаған баланың анасының арызы бойынша ҚР ҚК-нің 147-бабы “Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу” бойынша қылмыстық іс қозғалғаны да нақтыланады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript