Полиция видеоға қарап, жол ережесін өрескел бұзған көлік иесіне жеті айыппұл салды
29 қаңтарда әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде көшеде жол қозғалысы ережелерін ашықтан ашық бұзып, жүйткіген көліктің видеосы тарады. Полиция оған қызығушылық танытып, тексере келе жүргізушіге жеті әкімшілік хаттама толтырды.
Құқық бұзушы – Т. есімді азаматқа қатысты келесі құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды:
- ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 2-бөлігі – бекітілмеген қауіпсіздік белдігі;
- ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігі – бұрылу, айналу немесе тоқтау ережелерінің талаптарын сақтамау;
- ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі – апаттық жағдайды туындату;
- ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы 2-бөлігі – сақтандыру полисінің болмауы;
- ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі – қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу;
- ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 2-бөлігі – басып озу ережесін бұзу;
- ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 10-бөлігі – терезелерді қараңғылау;
Құқық бұзушының көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.