БҚО полицейлері көліктен еліктің еті мен аңшы мылтықтарын тапты
Cурет: видео скрині
Батыс Қазақстан облысының полицейлері автокөліктен заңсыз ауланған еліктің еті мен аңшы мылтықтарын тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция департаментінің хабарына қарағанда, Бөрлі-Ақсай-Жымпиты автожолында BMW және Toyota Land Cruser GXR автокөліктерінен МЦ-21-12 тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, 12 калибрлі оқпан арнасында патроны бар МР-153 маркалы карабин, жолбарыс карабин, 37 ұсақ калибрлі патрон және еліктің еті салынған пакеттер табылып, тәркіленді.
Қарудың тиісті құжаттар бар.
Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 1-бөлігі ("Заңсыз аң аулау") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды .
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript