Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда әйел адам тергеу изоляторында отырған баласына ақша бермек болды

теңге Cурет: pixabay
Алматы бойынша ҚАЖД №72 мекемесінің фронт-кеңсесінің тексеру бөлмесінде тергеу тұтқынындағы баласымен кездесуге келген әйелдің заңсыз әрекеті әшкере болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол шалбарының ішкі қалтасына 5 мың теңге жасырып, өткізбекші болған. Оның 27 жастағы баласы 2022 жылдың аяғында ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) Алматы мамандандырылған ауданаралық сотының санкциясымен тұтқындалған.

"№72 мекеменің күдіктілер мен сотталғандарға әкелген сәлемдемелерді қабылдау орнында бақылаушылар әр затты мұқият тексереді және сәлемдеме әкелушілер үшін арнайы тақта орнатылып, онда бас бостандығынан айыру орындарына тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті үшін қолданылатын жаза да айқын жазылған", -  делінген polisia.kz хабарламасында.

Қазіргі таңда тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды өткізбекші болған әйелге қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: