Қостанай облысында жол апаты орын алып, егіз баласымен бірге анасы да көз жұмды

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2023 20:53 Сурет: Zakon.kz
Қайғылы оқиға 7 ақпанда Қостанай облысындағы Қарабұтақ тас жолында орын алғаны нақтыланады, деп хабарлайды Zakon.kz.

7 ақпанда Қостанай облысындағы Қарабұтақ тас жолының 470-ші шақырымында жол апаты орын алды. JAC S3-тің жүргізушісі алдындағы көлікті басып озғысы келіп жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, ауыр жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысты. 

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты: 9 жасар егіз бала және олардың 33 жастағы анасы. Тергеу амалдары қолға алынды. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі, яғни "Жол жүру ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды". Қостанай облысы ПД

Айта кетсек, Жамбыл облысында көлігі өртенген қоғам белсендісі жала жабу күдігімен ұсталды.                                                                                                                             



Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: