Алматыдағы адам өліміне себеп болған автобус апатына қатысты іс сотқа жолданды
![автобус апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2023 22:20](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-90125eb4-cab8-4d7d-a5ac-e1d63240c187/800x455.webp)
Алматыдағы №98 және №201 автобустары апаты бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында №98 автобустың жүргізушісі А. күдікті деп танылды және оның әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сараланды. Бұл туралы Алматы прокуратурасы хабарлады.
"2023 жылғы 7 ақпанда қала прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын зерделеу нәтижелері бойынша, №98 автобусының жүргізушісі А., ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша (Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзуы) сотқа жолданды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, автобус апаты 2022 жылғы 8 қарашада Абылай хан даңғылы мен Төлеби көшесінің қиылысында болған. №98 және №201 автобустары соқтығысып, салдарынан 20-дан астам адам зардап шекті, олардың арасында 2013 жылы туған бала да бар. Бір адам мерт болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript