Түркістан облысындағы көлік апатына қатысты тергеу басталды

жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2023 00:14 Сурет: polisia.kz
7 ақпанда қолайсыз ауа райының кесірінен Шымкент - Самара тас жолының 56-шақырымында Mercedes Benz автокөлігі тайып кетіп, алдында жүріп бара жатқан өзбекстандық азаматтың Кia Carnival көлігіне соқтығысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

7 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты Шымкент - Самара тас жолының 56-шақырымында Mercedes Benz автокөлігі жолдың көктайғақ болуынан тайып кетіп, алдында жүріп бара жатқан өзбекстандық азаматтың Кia Carnival көлігіне соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Mercedes Benz көлігінің бір жолаушысы сол жерде мерт болып, жүргізушісі ауруханаға түскен.

"Қазіргі таңда оқиға орнында анықтаушылар мен криминалистер жұмыс істеп жатыр. Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталады", -  деп хабарлады polisia.kz.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: