Алматы облысында жасырулы қару-жарақ табылды

Іс-шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2023 19:43 Сурет: pexels
Тығулы қару-жарақ Алматы-Өскемен тас жолы маңындағы ауылдан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

13 ақпанда Алматы-Өскемен автожолы бойындағы Арна ауылының маңынан қару-жарақ табылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Полиэтилен пакеттің ішінен қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған болуы мүмкін BENELLI 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық табылды.

Аталған дерек ҚР ҚК 287-бабының 2-бөлігі бойынша Қонаев ҚПБ-да тіркелді. Қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды және тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: