СҚО-да жоғалған ер адамның денесі қар астынан табылды

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2023 19:53 Сурет: Zakon.kz
19 ақпанда Янко станциясынан Ғабит Мүсірепов ауданының Жаңасу ауылы бағытында сағат 14:00 шамасында 45 жастағы ер адамның жаяу шығып кетіп, содан ұшты-күйлі жоғалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлері, құтқарушылар, еріктілер және жергілікті тұрғындар арасынан үш жедел-іздестіру тобы құрылды. Тасымалдануы жоғары көлік пайдаланылды. Тағы бір топ іздеуге атпен шықты. 

"20 ақпан Жаңасу ауылынан 3 шақырым жерде жоғалған адамның денесін қардың астынан табылды. Зорлық белгілері анықталған жоқ. Өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша анықталады", делінген полиция хабарламасында.

Процедуралық тексеру жүргізіліп жатыр

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: