Жаңалықтар тізбегі
0

Елордада профилактикалық іс-шара кезінде 250-ге жуық құқықбұзушылық анықталды

Жедел-профилактикалық шара Сурет: Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Астанада "Тіркеу" атты жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында есепте тұрған азаматтар тұрғылықты мекен жайы бойынша тексеріліп, 250-ге жуық құқықбұзушылық анықталды. Оларға қатысты хаттамалар толтырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ Астана бойынша ҚАЖД мәліметінше, 103 сотталғанның тіркеуі болмағаны анықталған. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 492-бабының 1-тармағы бойынша хаттама толтырылды.

Айта кетсек, елордада Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғалар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтың және қылмыстың қайталануын алдын-алу бойынша полиция бөліністерінің және пробация қызметтерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мақсатында "Тіркеу" атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. 

Аталған іс-шараның басты мақсаты – қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға тартылған сотталғандар арасында құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау және олардың алдын алып, оң жолға бағыттау болып табылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз