Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысында Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі пулемет-тапанша табылды

Ақмола облысы, Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қару, пулемет-та, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2023 14:18 Сурет: polisia.kz
Ақмола облысының криминалдық полиция қызметкерлері Шучинск қаласы тұрғынының үйінен 7,62 калибрлі 1944 жылғы Шпагин пулемет-тапаншасын тауып алып, тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ жаңалықтарын тарататын Telegram арнаның жазуынша, ақмолалық ер адам қаруды ақпан айында металл қабылдау пункті болған аумақтан тапқанын айтқан.

Қаруды заңсыз сақтау фактісі ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Полицейлер тексеру кезінде "Тіркелген қару" және "Қылмыстық қару" есебі бойынша мәліметтер базасында қару жоқ екенін анықтаған.

"Баллистикалық сараптама тағайындалды. Қазір тергеу жүріп жатыр".ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: