Таразда екінші дүниежүзілік соғыс ардагері дауыс берді
Сурет: Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Владимир Колесниченко үйінен шықпай-ақ президент сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сайлау комиссиясының өкілдері азаматқа сайлау бюллетені салынған пакетті әкеліп тапсырды.
«Мен ешбір сайлаудан қалған емеспін, өйткені оны азаматтық борышым деп санаймын. Еліміздің әрбір азаматы сайлауға қатысуы керек деп есептеймін, өйткені Қазақстанның болашағы дауыс беру нәтижесіне байланысты». Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Владимир Колесниченко
Айта кетейік, дәлелді себептермен сайлау учаскесіне келе алмаған сайлаушылар үйінде дауыс бере алады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript