Қаскөйлер алматылық ер адамды ұрлап әкетіп, жалдамалы пәтерде тығып ұстаған

Бопсалау, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2023 18:05 Сурет: Zakon.kz
Алматылық азаматты ұрлап әкеткен үшеу одан қомақты сомада ақша талап еткен. Полицейлер бопсалаушыларды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бостандық аудандық полиция басқармасының мәліметінше, алдын ала тергеу деректеріне сәйкес, 40 жастағы алматылық азаматты ұрлап, жалдамалы пәтерде ұстап, күш қолданып, одан 1 млн теңге бопсалаған үш адам ұсталды. Күдіктілер алдымен оның ұялы телефоны мен алтын шынжырын тартып алған.

Мұндай сомма Г. есімді азаматта болмаған. Сол кезде қаскөйлер, жәбірленушіден ақшаны таныстарынан алуды талап еткен. Жәбірленуші жолда патрульдік көлікті көріп, көмек сұрап айқайлай бастаған. Күдіктілер қашқан, бірақ қолға түсті.

"Олар 28 жастағы Ф. есімді Алматы облысының тұрғыны, 29 жастағы С. есімді азамат және 27 жастағы Ж. есімді азамат. Екеуі де Шығыс Қазақстаннан. Күдіктілер ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді, Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 194-бабы 3-бөлігі (Бопсалау) және ҚР ҚК-нің 125-бабы 2-бөлігі (Адам ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сондай-ақ полицияда, ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес, қылмыстың басқа да мән-жайлары жария етуге жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: