Жаңалықтар тізбегі
0

ІІМ көміртегі тотығымен улана жаздаған отбасы қалай құтқарылғаны туралы айтып берді

ІІМ көміртегі тотығымен улана жаздаған отбасы қалай құтқарылғаны туралы айтып берді Сурет: Zakon.kz
Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте Жамбыл облысының Полиция департаменті көміртегі тотығымен улана жаздаған отбасын (бес адам) құтқаруға қатысты оқиғаны егей-тегжей айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 6 наурызда сағат 22.00-де болған. Директордың орынбасары полиция қызметкеріне сол күні 8 жасар бала мектепке келмегенін, ал оның ата-анасы қоңырауларға жауап бермеген жеткізген.

Тараз қаласының Кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Әлішер Ермековтың айтуынша, ол мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Эльмира Еселбаевамен бірге оқушының сабаққа келмеу себебін білу үшін оның үйіне барған.

Мекен-жайға келген полиция қызметкері қақпаны қаға бастаған, бірақ ешкім ашпаған. Көршілерден сұраса, отбасы кешеден бері көрінбегені белгілі болды. Әлішер Ермеков көршісінің рұқсатымен оның қоршауы арқылы оқушы тұрған үйдің аумағына көтеріледі. Терезенің жанымен үйге келе жатып, ол еденде ес-түссіз жатқан баланы көріп, терезені сындырып, бөлмеге кірген

Үйде өткір иіс болғандықтан полиция қызметкері газды жауып, барлық терезені ашқан. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор барлық бөлмені аралап, отбасының отағасын, оның әйелін, олардың 12 және 10 жастағы қыздарын, 8 жасар ұлын көшеге алып шыққан.

"Зардап шеккендерге дереу дәрігерге дейінгі көмек көрсетіліп, содан кейін олар жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Отбасы мүшелері дереу ауруханаға жатқызылды. Полиция қызметкері мен директордың орынбасарының кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында барлық отбасы мүшесі аман-сау қалды", - делінген ІІМ хабарламасында.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: