Жаңалықтар тізбегі
0

ІІМ азаптау туралы 7 істі тергеп жатыр

ІІМ брифинг Сурет: Zakon.kz
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Ішкі істер министрлігі құқық қорғау органдары қызметкерлерінің азаптаулар қолданғаны туралы 7 істі тергеп жатыр. Әрбір факт полиция мен қоғамдық ғимараттарда орнатылған бейнекамераларды талдау арқылы мұқият зерттелмек. Осы күндері 20 факті бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар қаңтардың қайғылы оқиғаларында интернет пен ұялы байланыстың болмауынан мобильді және электронды төлемдер жасау мүмкін болмады. Осы тұста полиция қызметкерлерінің көмегімен арнайы инкассаторлар азаматтарды қолма-қол ақшамен қамтыған.

"Халық банктің" инкассаторлары өмірі мен денсаулығына төнетін қатерлерге қарамастан 3,5 мың банк бөлімшесіне, 6000-нан астан АЖЖҚБ, 17,5 мыңнан астам бизнес объектілеріне шығып, 13 мыңдай банкоматқа ақша жүктеген. Бүліктер мен террорлық актілер жағдайында полиция қызметкерлері мен әскери қызметкерлері ақша тасымалын қарулы күзетпен қамтамасыз етті. Олардың режимдік аймақтарға және блок бекеттер арқылы өтуіне жағдай жасады.  Осы мақсатқа полиция төтенше жағдай кезінде 1000-нан астам автоэкипажбен 4,5 мың қарулы жасағын бөліп бекітті.Министрліктің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Бұдан бөлек, ІІМ қаңтар айындағы оқиғалар барысында қылмыскерлер қару-жарақ дүкендерінен құқық қорғау және арнайы органдардың ғимараттарынан атыс қаруы мен оқ дәрілерді ұрлағанын мәлімдеді. Олар заңсыз мақсаттарға пайдаланылып, сондай-ақ азаматтар өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі мүмкін екенін еске салды.

Оқ дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейін, заңсыз сақталған қаруды, оқ дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар, егер олардың әрекеттерінде өзге де қылмыстар болмаса, жауапкершіліктен босатылады. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі азаматтарды заңсыз сақталған қаруды, оқ дәрілерді, жарылғыш заттарды, және арнайы құралдарды өз еркімен тапсыруға шақырды. Бұл туралы полицияға 102 және 112 телефон нөмірлері бойынша хабарласуды сұраймыз. Министрліктің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

ІІМ елдегі көлік жүргізушілерін барынша қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Қаңтар басынан бері жол көлік оқиғасынан 100 000-нан аса адам ажал құшты. 400 адам жарақат алып, аурухана төсегіне таңылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: