Алматы-Бішкек тас жолы бойында ірі жол апаты орын алды
Сурет: Zakon.kz
Алматы облысында ірі жол апаты орын алды. Көлік сататын "Барыс" базары алдында екі жүк көлігі соқтығысып, талқандалып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы – Бішкек тас жолындағы ауыр жол апатының видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.
Zakon.kz тілшісіне оқиға орнында болған куәгерлер манипулятор жүк көлігі солға бұрылып, ұсақ тас тиеген басқа жүк көлігімен қабаттасса сығылысып кеткенін, соққы қатты болғанын, кабина мен кабина соқтығысқанын айтты.
Куәгерлердің айтуынша, соқтығысу салдарынан қиыршық тас тиеген жүк көлігі алдыңғы белдеме темірі жұлынып кеткен, ал екіншісі кабинасынан айырылды.
Соқтығысқаннан кейін жүк көліктері жол жиегіне қарай ұшып, "Барыс" базарының маңында тұрған төрт көлікті іліп кеткен.
Апаттан зардап шеккендердің бар-жоғы белгісіз. Zakon.kz редакциясы Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне аталған оқиғаның мән-жайын білу үшін сауал жолдап қойды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript


