"Қасқыр қапқан": Хайуанаттар бағындағы оқыс оқиғаға қатысты полиция түсінік берді

Қасқыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2023 19:29 Сурет: pixabay
Полиция департаменті бұл оқиғада қандай да бір құқық бұзушылыққа жол берілмеген деп санайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

YK-news.kz мәліметінше, сол жағалаудағы ПБ-ға жәбірленушінің анасынан арыз келіп түскен. Ол хайуанаттар бағының қызметкерлеріне шағымы барын айтады. 

"Бұл жағдайда қандай да бір әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы көрінбейді. Осыған байланысты арызданушыға сотқа жекелей жүгінуге кеңес берілді", – дейді полиция.


Хайуанаттар бағындағылар мұнда келушілерден талап етілетін белгілі бір ережелер барын еске салады. Мәселен, жыртқыштың торына жақындамау туралы ескерту белгілері бақта ілулі тұр.

11 наурызда сол жағалаудағы хайуанаттар бағында 10 жасар қызын ата-анасы қасқыр қауып алғанына шағымданды. Қыздың әкесінің айтуынша, бала жартқыш орналасқан торға саусағын тыққан, сол кезде қасқыр оны тістеген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: