Астанада мешіт имамы ауыр жағдайда ауруханаға түсті

Қылмыстық іс, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2023 19:58 Сурет: Zakon.kz
Діни рәсімнен кейін ер адам оған пышақпен бас салған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға 14 наурызда орын алды.

БАҚ-тардағы мәліметтерге сүйенсек, ер адамның әйелі имамға дем салдыруға барған, содан кейін олар өзара жанжалдасады. Имамға шабуыл жасаған кезде әйел өзін-өзі өлтірмек болған (сірке суын ішкен). Ол да ауруханаға түсті.

"Ер адам ұсталды. Қазір ол Астана қаласы ПД Алматы ауданының полиция бөлімінде. Істің мән-жайы анықталуда", - деді полициядағылар.


Аталған фактіге сәйкес, Астана қаласы ПД "Сарыарқа" ауданының полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Осы оқиғаға қатысы бар адам қылмыс орнында ұсталды. Ол ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: