Атырауда 1 миллион теңгеге жуық айыппұлы бар көлік иесі ұсталды
Сурет: видео скрині
Атырауда төленбеген 37 айыппұлы бар шетелдік автокөлік айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Polisia.kz-тің мәліметінше, 15 наурыз күні сағат 12:55 шамасында ЖБО-ның бейнебақылау қызметкерлері Interceptor іздеу жүйесі арқылы Грузия елінде тіркелген Chevrolet автокөлігін борышкер ретінде анықтаған.
Автокөліктің 900 мың теңгеден астам төленбеген 37 айыппұлы бар екені анықталды.
Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 785-бабына сәйкес хаттама толтырылып, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript