Атырауда жалған нөмір таққан көліктің 86 айыппұлы бар болып шықты

көлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2023 10:00 Сурет: видео скрині
Атырауда мемлекеттік нөмірі жалған көліктің төленбеген 86 айыппұлы бар екені анықталды, көлік айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

27 мамырда Атырауда жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Interceptor іздеу жүйесі Mersedec автокөлігінің қарызы бар екенін анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.

Тексеріс барысында автокөліктің төленбеген 86 айыппұлы бар екені, сондай-ақ мемлекеттік белгісі жалған екені анықталды.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 4-бөлігіне сәйкес, хаттама толтырылып, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: