Семейде жалған нөмір таққан көлік жүргізушісі анықталды
Фото: Zakon.kz
Абай облысында жалған нөмір тағып, бірнеше айыппұл төлемеген жүргізуші анықталды.
Семей қаласында өткен рейд кезінде полицейлер жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін пайдалану фактісін тіркеді.
"Қорғау" бейнебақылау жүйесі арқылы Lexus автокөлігіне басқа көлікке тиесілі нөмір тағылғаны анықталды.
Тексеру нәтижесінде 39 жастағы жүргізушінің жол ережесін бірнеше рет бұзып, салынған айыппұлдарды төлемегені белгілі болды. Көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылып, жалған нөмір тәркіленді.
Полиция жалған мемлекеттік нөмірді пайдаланудың заң бұзушылық екенін ескертіп, мұндай әрекет әкімшілік, ал кей жағдайда қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript