Жаңалықтар тізбегі
0

Таразда Ұлттық ұлан жауынгерлері тұрғындарды өрттен құтқарды

өрт Сурет: polisia.kz
Таразда қала көшелерінде Ұлттық ұлан 5513 әскери бөлімінің жауынгерлері тұрғын үйлердің бірінен шыққан өртті байқаған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 23 наурызда түнгі уақытта болған. Өрт бесінші қабаттағы пәтерлердің бірінде шыққан. Жалынды байқаған патрулдік топ бастығы сержант Мырзахан Мырзаш қасындағы патрульдер Михаил Николаев пен Бейбарыс Сейдмұратовты ертіп, дереу сол көпқабатты үйге жүгірген.

Жол-жөнекей өрт сөндіру қызметіне және әскери жасақ кезекшісіне хабар берген. Олар өрт сөндірушілерді күтпестен тұрғындарға көмектесуге шешім қабылдаған.

Әуелі тұрғын үйді қоршауға алып, кейін пәтердегі азаматтарды сыртқа шығарып, өз күштерімен отты сөндірген.

"Біз бұл әрекетімізді ерлік деп санамаймыз. Өзіміздің қызметтік борышымыз деп білеміз. Төтенше жағдайдың алдын алып, азаматтарға көмек көрсету – құқық қорғау әскері жауынгерлерінің міндеті".  Сержант Мырзахан Мырзаш

Үй тұрғындары 5513 бөлімінің қолбасшылығына және әскери жасаққа алғысын айтты. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: