Ұлттық ұлан сарбазы суға батып бара жатқан спортшыны құтқарды

Ұлттық ұлан, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2023 11:12 Сурет: видео скрині
21 шілдеде астанадағы саябақта қоғамдық тәртіпті бақылап жүрген Ұлттық ұланға қарасты 5573 әскери бөлімінің әскери жасағы суға тұншығып, көмекке шақырған баланы байқаған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Әлібек Ноғаев бұл туралы радиостанция көмегімен патрульдік топтың бастығына хабар беріп, кейін өзі киімін шешіп, суға секірген.

Белгілі болғандай, 12 жастағы бала ескек есу бойынша жаттығу кезінде жел екпінінен каноэсі аударылып, суға бата бастаған.

Сарбаз оны құтқарып қалды. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: