Оралда ұландықтар адасып қалған кішкентай баланы ата-анасына табыстады

Оралда ұландықтар адасып қалған кішкентай баланы ата-анасына табыстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2025 13:07 Сурет: polisia.kz
Орал қаласындағы 5517 әскери бөлімінің патрульдік жасағы педагогикалық институт маңындағы көшелердің қоғамдық тәртібін қадағалау барысында ересектерсіз жүрген кішкентай баланы байқап қалған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сарбаздар дереу баланың қасына барып, мән-жайды анықтауға тырысты. Әңгіме барысында оның адасып кеткені, қайда барарын білмей тұрғаны белгілі болды. Әскерилер кідірместен баланы патрульдік көлікке отырғызып, полиция департаментіне қарай бет алды.


"Бала жақындарынан көз жазып, қатты қорқып қалған екен, бірақ тез тіл табыстық. Бастысы — оның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ата-анасын тезірек табу болды", - деді ұландық Саламат Әнуаров.

Әскерилердің жедел әрі үйлесімді әрекетінің нәтижесінде бала қысқа мерзім ішінде ата-анасына табысталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: